Путин күзде Қазақстанға келеді

699

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

Путин күзде Қазақстанға келеді Фото: РИА Новости

Кездесу Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мәскеуге ресми сапары аясында өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу Ресей Қазақстанның негізгі стратегиялық әрі бас экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Екі елді достық пен тату көршілік байланыстарына негізделген ұзақ мерзімді тығыз әрі берік қарым-қатынастарды байланыстырады.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ресей тарапының осы жылдың күзінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға сапарын ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Осы сапар аясында жемісті келіссөздер өтіп, өңіраралық форум ұйымдастыра аламыз деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, біз осы маңызды іс-шараны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Форум Қостанай қаласында өтеді", - деді Мұрат Нұртілеу.

Сергей Лавров әріптесін өткен парламенттік сайлаумен және СІМ вице-премьер – басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Біз президенттеріміз қол жеткізген уағдаластықтарды орындау, қарым-қатынастардағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс істеуді жалғастыратынымызға сенімдімін. Сіздің, әсіресе, сыртқы саясат саласында үлкен тәжірибеңіз бар. Біз одақтас, стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыта беретінімізге сенімдімін", - деді Ресей СІМ басшысы.

Сыртқы істер министрлерінің консультациялары тет-а-тет режимінде және кеңейтілген форматта өтеді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей СІМ арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу