Путин Қытайға "Бір белдеу-бір жол" форумына шақырылды

543

Ресей президенті Владимир Путин "Бір белдеу — бір жол" халықаралық форумында басты қонақ ретінде шақырылды. 

Путин Қытайға "Бір белдеу-бір жол" форумына шақырылды Фото: Kremlin.ru

Бұл туралы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің "Бір белдеу — бір жол" үшінші форумына бас қонақ ретінде қатысуға шақырылғанын хабарлаймыз", — деді ол қоғамдық қауіпсіздік, әділет және құқықтық тәртіп жөніндегі Ресей-Қытай консультацияларында.

Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин "Президент Путинді осы жылы Қытайда өтетін "Бір белдеу — бір жол" аясында үшінші халықаралық форумға шақырған" айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу