Путин мен Байденнің қашан кездесетіні жарияланды

726

Олардың бірінші келіссөздері 16 маусымда Женевадағы Вилла Ла Гранжде өткен еді.

Путин мен Байденнің қашан кездесетіні жарияланды Фото: reuters.com

Ресей Президенті Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Джо Байден 2022 жылдың басында кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

2021 жылдың соңына дейін олар онлайн форматта келіссөз жүргізіп, 2022 жылы олар бетпе-бет жүздеседі. Келіссөздерде бірқатар мәселе талқыланбақ. Президенттер Женевада өткен саммитте қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын сөз етпек.

Бұған дейін Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ-тың киберқылмысқа қарсы тұру туралы өзара ұсыныстары бар екенін айтқан болатын. Мемлекеттер арасындағы бұған қатысты диалог дамуда. Песков Мәскеу мен Вашингтонның ынтымақтастығын жемісті деп атады. 

Путин мен Байденнің бірінші келіссөздері 16 маусымда Женевадағы Вилла Ла Гранжде өткен еді. Саясаткерлер үш жарым сағат бойы сөйлесті. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл кездесу стратегиялық тұрақтылық пен қару-жарақты бақылау жұмысына оң әсер еткенін айтты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу