Путин мен Ердоған ресейлік газды рубльмен төлей бастауды келісті

757

Ресей мен Түркия газды рубльмен төлеуге көшеді.

Путин мен Ердоған ресейлік газды рубльмен төлей бастауды келісті

Премьер-министрдің орынбасары Александр Новак журналистерге жұма күні екі ел президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның Сочиде өткен келіссөзде белгілі бір келісімге келді, деп  жазады inbusiness.kz INTERFAX.RU ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Президенттер газбен қамтамасыз етуді бастаймыз және оны рубльмен төлейміз деп келісті", - деді Новак.

Ол Ресейдің Түркияға жыл сайын шамамен 26 миллиард текше метр газ беретінін еске салды. "Біз уақыт өте келе ұлттық валютамен төлеуге көшеміз,  қазірдің өзінде бір бөлігі ресей рублімен төленетін болады. Бұл шын мәнінде жаңа мүмкіндіктер ашатын жаңа кезең, оның ішінде ақша-қаржылық қатынастарымызды дамыту үшін", - деді Новак.

Ол Путин мен Ердоғанның банк және қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылағанын айтты.

"Біздің коммерциялық компанияларымыз, азаматтарымыз туристік сапарлар кезінде және сауда процесінде ұлттық валютада төлем жасай алуы керек", - деді Новак.

"Келіссөздерде сауда және экономика салаларындағы қарым-қатынастарымыздың дамуын жаңа деңгейге көтеретін, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, IT-технологиялар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қоса алғанда, барлық дерлік салаларда маңызды шешімдерге қол жеткізілді.", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ол келіссөздер барысында егжей-тегжейлі талқыланған негізгі саланың энергетика екенін айтты. "Соның ішінде "Аққую" АЭС құрылысын қоса алғанда, бұл жобаны 2023 жылға қарай іске қосу айтылды", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу