Путин мен Макрон Ауғанстандағы жағдайды талқылады

638

Соңғы екі аптада Ауғанстандағы жағдай билік ауысқаннан кейін ушығып кетті. 

Путин мен Макрон Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Франция басшысы Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстан мәселесін талқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Тараптар бұл ел бойынша қабылданатын шараларды өзара келісіп жүзеге асырмақ. Қос президент 19 тамызда телефон арқылы сөйлесіп, осындай шешім мәмілеге келді.

"Қос елдің президенттері Ауғанстандағы ахуал, адамдарды эвакуациялау, сондай-ақ "Талибан" туралы пікір алмасты. Нақтырақ айтқанда, есірткі мен қару-жарақ саудасына қарсы күрес, халықаралық террористік қозғалыстар және әйелдер құқығын сақтау мәселесін сөз етті. Президенттер алдағы уақытта екіжақты негізде, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында, G20 шеңберінде бірлесе қадам жасайды", – деп жазылған мәлімдемеде.  

Соңғы екі аптада Ауғанстандағы жағдай билік ауысқаннан кейін ушығып кетті. Кабулды 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани болса, елден қашып кеткен болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу