Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті басталды. Саммит аясында Владимир Путин мен Си Цзиньпин келіссөз өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Нысан – шетелдік делегациялар мен Қытайдың жоғары басшылығын қабылдауға арналған ресми үкіметтік кешен. Резиденция 1997 жылы 17 маусымда ашылған және атауын қытай мифологиясындағы "қытай жалғыз мүйізі" деп аталатын тұлғаның құрметіне алған.
Кездесу барысында Путин сауда-саттыққа қатысты жетістіктерге тоқталып өтті.
"Бірнеше жыл қатарынан елдеріміз арасындағы сауда айналымы 200 миллиардтық межеден асып түсті. Біз жоспарды орындадық", – деп мәлімдеді Ресей президенті.
Сонымен қатар Бейжіңнің бастамасымен енгізілген визасыз режимнің арқасында екі ел арасындағы туристік ағын 43%-ға артқан.
"Қытай мен Ресей қарым-қатынасы кез келген қиындыққа қарамастан, берік болып қала береді", – деп мәлімдеді Си Цзиньпин.
Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.
Ресей президенті екі елдің халықаралық аренадағы сыртқы саяси байланысы тұрақты жұмыс істеп тұрғанын айтты. Путиннің сөзінше, Қытай мен Ресейдің ортақ мақсаты – Азия-Тынық мұхиты аймағының өркендеуіне жағдай жасау.
Бұған дейін Ресей Президентінің Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитінде сөз сөйлегенін жазғанбыз.
