Путин Орталық Азия елдерін Ресейдің бірқатар бастамаларына қосылуға шақырды

2222

Соңғы бес жылда Ресейдің Орталық Азия елдерімен арадағы тауар айналымы екі есеге өсті.

Путин Орталық Азия елдерін Ресейдің бірқатар бастамаларына қосылуға шақырды

Ресей Президенті Владимир Путин "Орталық Азия – Ресей" саммитінде Орталық Азия елдерін импортты алмастыру, басқа бағдарламалар мен жобалар туралы Ресейдің ауқымды бастамаларына қосылуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресей басшысы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматы "пайдасыз болмайтынына, қосымша екпін беретініне сенімділік білдірді".

"Біздің арамыздағы өзара іс-қимылдың тетіктерін жандандыруға әлемдегі және өңірдегі күрделі ахуал әсер етіп отыр. Соның ішінде біздің сіздермен көптеген саладағы интеграцияның дамуына жол бермеу, саясаттағы, экономикадағы, гуманитарлық саладағы тарихи қалыптасқан тығыз байланыстар мен өзара іс-қимылды бұзу әрекеттерін атап өтуге болады. Бүгінде елдеріміздің одақтастық пен стратегиялық әріптестікті арттырудағы, экономикаларымыздың тұрақтылығын арттырудағы үйлестірілген бірлескен қадамдары сұранысқа ие деп ойлаймыз", – деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей Орталық Азия елдерімен бірге көпжақты кооперацияны нығайтуға, атап айтқанда бірлескен кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, баламалы логистикалық схемаларды құруға ашық.

"Сіздердің импортты алмастыру, басқа бағдарламалар мен жобалар туралы Ресейдің ауқымды бастамаларына қосылуға мүдделі болатындарыңызға сенімдімін. Бұл біздің экономикаларымыздың дамуына, жаңа құзыреттерге ие болуға тың серпін бермек", – деді Ресей басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу