Путин Ресей армиясы Украинаның инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы бергенін мойындады

469

Ресей Украинаның "Северный поток" газ құбырына нұқсан келтіргеніне жауап берді, деді Ресей Федерациясының Президенті.

Путин Ресей армиясы Украинаның инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы бергенін мойындады Фото: dw.com

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде Украинаның инфрақұрылымын бомбалауға қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінің бейнежазбасын Кремльдің ресми Telegram арнасы жариялады.

Путин ресейлік армияның Украинаның инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы бергенін мойындады. Ол бұл Украинаның "Северный поток" газ құбырына нұқсан келтіргені үшін жауап деп мәлімдеді.

"Бүгін таңертең Қорғаныс министрлігінің ұсынысымен, Ресей Бас штабының жоспары бойынша Украинаның энергетика, әскери басқару және байланыс объектілері бойынша әуе, теңіз және құрлықта орналасқан жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен жаппай соққы жасалды.Біздің территориямызда шабуылдар жалғасқан жағдайда, Ресей тарапынан жауаптар бұдан да қуатты болады, әрі олардың ауқымы бойынша Ресей Федерациясына төнген қауіп – қатер деңгейіне сәйкес келеді", - деді Владимир Путин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Украина Курск атом электр станциясына қатысты "үш теракт" жасады және "Турецкий поток" құбырына нұқсан келтіруге тырысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу