Путин: Ресей астығының экспортына қарсы санкциялар алынса, Украина астығын шығаруға көмектесуге дайынбыз

532

РФ басшысы АҚШ-тың ресейлік тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа шығаруға байланысты шектеулерді алып тастағанын еске салды.

Путин: Ресей астығының экспортына қарсы санкциялар алынса, Украина астығын шығаруға көмектесуге дайынбыз Фото: reuters.com

Ресей Президенті Владимир Путин Ресей астығының экспортына салынған санкциялар алынса, Ресей Украина астығын шығаруға көмектесуге дайын екенін айтты.

Бұл туралы ол Тегеранда өткен Ресей, Түркия және Иранның үшжақты кездесуінде мәлім етті. 

"Түркия Республикасы мен Президент Ердоған Украина астығын экспорттау туралы келісімнің қол жеткізілуі үшін көп жұмыс атқарды. Біздің бастапқы талабымыз: егер біздің астыққа салынған шектеулердің күші жойылса, украиналық астықтың шығарылуына көмектесеміз", – деді Путин.

Оның айтуынша, бұған ешбір ел, әсіресе АҚШ қарсы емес.

Путин АҚШ-тың ресейлік тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа шығаруға байланысты шектеулерді алып тастағанын еске салды.

"Егер олар халықаралық азық-түлік нарығындағы жағдайды расымен реттегісі келсе, ресейлік астықтың экспортына салынған санкцияны алып тастаса, біз дайынбыз. Экспорттық әлеуетіміз – 30 млн тонна, 2022 жылдың аяғына дейін 50 тонна болады", – деді Ресей басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу