Путин Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына оң баға берді

677

30 маусымда Ресей астанасы Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.  

Путин Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына оң баға берді

Ресей президенті Владимир Путин Ресей-Қазақстан қатынастары оң динамикада өрбіп жатыр деп есептейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Путин бұл мәлімдемені Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында жасады.

"Сіздің арқаңызда Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының серпіні соншалықты жақсы, бұл бізге болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді", – деді Ресей мемлекетінің басшысы.

Осы орайда Путин тауар айналымы туралы мәліметті мысал ретінде келтірді. "Пандемия кесірінен елдеріміз арасындағы тауар айналымы 4-5%-ға қысқарғанымен, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 18%-ға өсті", – деді Путин. Оның айтуынша, мұндай динамика тек осы бағытта ғана емес, басқа салаларда да өрбімек.

Сонымен қатар Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп тұратынын және онымен тығыз байланыста екенін атап өтті. "Бұл диалог та үлкен жақсы нәтиже береді", – деп санайды Ресей басшысы.

30 маусымда Ресей астанасы Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Тараптар Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді ілгерілету мәселелерін, сондай-ақ кейбір өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу