Путин сайлау қорытындысы жарияланбай тұрып Мирзиёевті құттықтады

940

Саяси доданың алдын ала қорытындысы 25 қазанда жарияланады.

Путин сайлау қорытындысы жарияланбай тұрып Мирзиёевті құттықтады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Шавкат Мирзиёевті Өзбекстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ескере кететін жайт, саяси тартыстың қорытындысы әлі жарияланбады.

"Дауыс беру қорытындысы саяси беделіңіздің жоғары екенін, сондай-ақ Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның мүдделерін халықаралық аренада қорғауға бағытталған әрекетіңізді толықтай растады. Сіздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарды нығаюына қосқан үлесіңіз зор", – деп жазылған Путиннің құттықтау сөзінде.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өткен жексенбіде өткен дауыс берудің алдын ала қорытындылары 25 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де жарияланады.

Табиғат Нұрболат

Фото: fergana.agency

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу