Путин Солтүстік Корея басшысына алғыс білдірді

230

Тараптар Қытай астанасында өткен әскери парадтан кейін кездескен.  

Путин Солтүстік Корея басшысына алғыс білдірді Фото: Sergey Bobylev/Sputnik/Reuters

Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ким Чен Ын Мәскеуге толық қолдау білдіретінін және мұны өзінің "парызы" деп санайтынын айтты. 

"Егер мен сіздерге, Ресей халқына көмектесуім керек іс болса, оны парызым деп санаймын", – деді Солтүстік Корея басшысы. 

Ал Ресей президенті Солтүстік Корея сарбаздарының ерлігі мен жанқиярлығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Кездесу 2,5 сағатқа созылған. 

Кездесу соңында Путин Ким Чен Ынды Ресейге ресми сапармен келуге шақырды. Тараптар 2024 жылы өзара қорғаныс келісімін жасасқан болатын. 

Euronews жазуынша, Оңтүстік Корея барлау қызметі Пхеньянның Мәскеуге шамамен 15 мың сарбаз жібергенін анықтаған. Олардың дені Ресейдің Курск аймағындағы ұрыстар кезінде қаза тауып, жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу