Путин Тоқаевқа алғыс айтты

179

Бірлескен іс-қимыл жоспарында жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса зор міндеттері айқындалды.

Путин Тоқаевқа алғыс айтты Фото: Ақорда

Владимир Путин Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективаларына тоқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

В. Путин бүгінгі келіссөздер, шын мәнінде, іскерлік әрі конструктивті сипатта өткенін әрі нәтижелі болғанын жеткізді.

"Біз екіжақты қатынастар жөнінде жан-жақты пікір алмасып, министрліктер, ведомстволар және ірі компания басшыларының Ресей-Қазақстан ықпалдастығының негізгі бағыттары туралы баяндамаларын тыңдадық. Қол қойылған Бірлескен мәлімдемеде және қабылданған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспарында жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса зор міндеттері айқындалды", - деді Ресей Президенті.

Бұның барлығына осы күндері қол қойылған үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар ықпал еткен. Онда саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдени-гуманитарлық және ынтымақтастықтың басқа да көптеген бағыттары қамтылған.

"Сапар барысындағы бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Ресей мен Қазақстан арасындағы көпжақты қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз, – деді В. Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу