Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

469

Ресей Президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады Фото: akorda.kz

Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдығымен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресей-Қазақстан одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға, барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге деген екі жақтың ынта-жігері расталды", - делінген Кремль баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу