Путин ҰҚШҰ-ға "үйлестіруші мемлекет" мәртебесін енгізуді ұсынды

2085

ҰҚШҰ-ға мүше елдер, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан БҰҰ Бас Ассамблеясының "Ресейдің әскерін Украинадан шығарылуын талап ететін қарарына" қатысты дауыс беруден бас тартты.

Путин ҰҚШҰ-ға "үйлестіруші мемлекет" мәртебесін енгізуді ұсынды

РФ Президенті Владимир Путин Мемлекеттік Думаға ҰҚШҰ бітімгершілік қызметі туралы келісімге түзетулер енгізу туралы заң жобасын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжат бойынша, БҰҰ аясындағы бітімгершілік операцияларында ҰҚШҰ күштерін "үйлестіруші мемлекет" арқылы пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. 

"Үйлестіруші мемлекет" – ұйымдастырушылық мәселелерді шешу және ұжымдық бітімгершілік күштердің БҰҰ операцияларына қатысуын қамтамасыз ету үшін арнайы кеңес құратын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірі.

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы "Ресейдің әскерін Украинадан шығарылуын талап ететін" қарарды қабылдады. Оны 141 ел қолдап дауыс берді. Ресей, Беларусь, Сирия, КХДР және Эритрея қарсы болды. 

ҰҚШҰ-ға мүше елдер, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан дауыс беруден бас тартты. Ескере кететін жайт, ҰҚШҰ құрамында 6 ел бар. Олар: Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан.

2 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның рөлін арттыру керек деп мәлімдеме жасаған еді.

"Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек", – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу