Путин ҰҚШҰ-ны Ауғанстандағы жағдай бойынша бірлесе жұмыс істеуге үндеді

597

Мемлекет басшысы америкалық әскердің Ауғанстаннан шығарылуы асығыс жасалған қадам екенін айтты.

Путин ҰҚШҰ-ны Ауғанстандағы жағдай бойынша бірлесе жұмыс істеуге үндеді Фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстандағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымындағы елдер бірлесе жұмыс істеу керек деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемені ол Душанбеде өтіп жатқан ҰҚШҰ саммиті барысында жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы және оған мүше мемлекеттердің шекараларындағы жағдай тұрақсыз, біздің елдерімізге қауіп төніп тұр десе де болады", – деді ол.

Мемлекет басшысы америкалық әскердің Ауғанстаннан шығарылуы асығыс жасалған қадам екенін айтты.

"АҚШ пен оның одақтастарының әскері асығыс шығарылып, билікке "Талибан" қозғалысы келгеннен кейін біз ҰҚШҰ-ның кезектен тыс саммитінде осы елдегі жағдайға қатысты талқылаулар өткіздік" –деді Путин.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу