Путин ядролық қаруды сынауға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды

742

Қорғаныс министрлігі мен "Росатом" ядролық қаруды сынауға дайындықты қамтамасыз етуі тиіс.   

Путин ядролық қаруды сынауға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Федералды жиналысқа жолдауында мәлімдеді.

"АҚШ өзінің ядролық қаруын сынау мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі", сондықтан Путин жоғарыда айтылған шараларды қабылдауды тапсырды.

"Әрине, мұндай шараны бірінші болып біз жасамаймыз, бірақ АҚШ ядролық қаруды сынақтан өткізетін болса, біз де қарап қалмаспыз. Жаһандық стратегиялық паритет жойылуы мүмкін деген ешкімде қауіпті иллюзия болмауы керек", — деді Путин.

АҚШ-та ядролық оқ-дәрілердің жаңа түрлері жасалуда, деп хабарлады Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу