Путин жақын күндері Түркияға баруы мүмкін

488

29 наурызда Ыстамбұлда Украина мен Ресейдің екіжақты келіссөздері өткен болатын.

Путин жақын күндері Түркияға баруы мүмкін

Ресей Президенті Владимир Путин жақын күндері Түркия сапарлап баруы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Бірақ  Ресей басшысының Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен нақты қай күні кездесетіні жарияланбады. 

Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, Ердоған телефон арқылы Путинді жоғары деңгейдегі іскерлік кездесуге шақырған. Делегация құрамында Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак болады. Өйткені кездесуге түрік экономикалық ведомстволарының басшылары қатысады. Кәсіпкерлер де жиынға шақырылған. Олар Анкараның инвестициялық мүмкіндіктерін бағаламақ.

Ресей президенті наурыз айында Түркия басшысымен телефон арқылы сөйлескен болатын. Олар Украинадағы шиеленісті және оны шешу жолдарын талқылады. 29 наурызда Ыстамбұлда Украина мен Ресейдің екіжақты келіссөздері өтті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу