Путиннің маңызды ұсынысы Трамптың көңілінен шықты

455

Келісімшарт мерзімі 2026 жылдың ақпанында аяқталуы тиіс.  

Путиннің маңызды ұсынысы Трамптың көңілінен шықты Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путиннің стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы келісімді ұзарту бойынша ұсынысын оң бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Меніңше, бұл жақсы идея", – деді Ақ үй басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Владимир Путин стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы келісім 2026 жылғы 5 ақпанда аяқталғаннан кейін оны тағы бір жыл бойы ұстануға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы ол Қауіпсіздік кеңесінің 22 қыркүйектегі отырысында айтқан. Ресей басшысының сөзінше, келісім мерзімі аяқталған соң зымырандық және ядролық әлеуетті шектейтін соңғы халықаралық құжаттың күшін жойылады.

Бұл келісімге 2010 жылы Ресей мен АҚШ президенттері қол қойған. 2021 жылы құжат бес жылға ұзартылды. 2022 Ресей Украинаға басып кірген соң Мәскеу ядролық қаруды қолданамын деп бірнеше рет сес көрсетті. 

Кейінгі жылдары Ресей ядролық доктринасын қайта қарап, Беларусь аумағына ядролық қару орналастырды. 2023 жылғы ақпанда Кремль стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы келісімнен уақытша шықты. Өйткені Ресей НАТО-ны стратегиялық нысандарға жасалған шабуылдарға қатысы бар деп айыптаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу