PwC: биыл әлем экономикасының өсу қарқыны жоғары болады

1051

Мұнай бағасы екінші жартыжылдықта өсуі мүмкін.  

PwC: биыл әлем экономикасының өсу қарқыны жоғары болады

PwC сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны 5%-ға артады деген пікірде. Алайда бұл динамика коронавирусқа қарсы вакциналарының егілу қарқынына тәуелді болатыны айтылды. Сондай-ақ монетарлық, қаржылық және фискалдық қолдау шаралары да көрсеткішке айтарлықтай әсер етеді.

PwC экономисі Баррет Купеляннің айтуынша, дамыған елдердің басым бөлігі осы жылдың екінші жартыжылдығында вакцина егу процесін аяқтағаннан кейін жаһан экономикасы өсе бастайды.

2021 жылы АҚШ экономикасының өсу қарқыны 3,6%-ға және 2022 жылы 3,2%-ға жетуі мүмкін. Ал Қытайдыкі биыл 8%-ға және келесі жылы 5,4%-ға артады. Сарапшылар Еуроаймақтағы ЖІӨ осы жылы 4,2%-ға, келесі жылы 3,3%-ға өседі деп отыр.

PwC мамандары мұнай бағасы төмен деңгейде сақталады деген пікірде. Мұнайдың орташа жылдық бағасы $60-тан төмен болады.Бірақ екінші жартыжылдықта шикізат қымбаттауы мүмкін. "Қара алтынға" деген сұраныстың артуына вакцинаны егу процесі түрткі болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу