"Qarzhy Saqshysy": Елімізде қаржылық қауіпсіздікке арналған республикалық ойын өтті

214

Жоба Қаржы мониторингі агенттігі мен AML Academy бірлесіп, ҚР Білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.  

"Qarzhy Saqshysy": Елімізде қаржылық қауіпсіздікке арналған республикалық ойын өтті Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

1-15 желтоқсан аралығында "Заң және тәртіп" жалпыұлттық науқаны аясында қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған республикалық компьютерлік ойын "Qarzhy Saqshysy" ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді анықтап, виртуалды қаржыларды басқарып, қаржылық қауіпсіздік бойынша тапсырмаларды орындады. Мектеп оқушылары дропперлік, қаржылық пирамидалар белгілерін танып-біліп, фишинг сайттарды нақты сайттардан ажырата білуді үйренді.

Ойынға Қазақстанның барлық өңірлерінен 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері, барлығы 800 мыңнан астам қатысушы қатысты.

Жобаның қорытындысы бойынша жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады.

"Qarzhy Saqshysy" қаржылық сауатты және жауапты ұрпақ қалыптастырудағы маңызды қадамға айналды және қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыру дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу