Qatar Energy сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатты

247

Өндіріс жұмыстары қашан қайта басталатыны белгісіз.

Qatar Energy сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатты Фото: startmag.it

Қатардың Qatar Energy мемлекеттік мұнай-газ компаниясы сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін елдің Қорғаныс министрлігі екі ирандық дронның Месайдегі электр станциясының су қоймасын және Рас-Лаффандағы Qatar Energy нысанын атқылағанын хабарлаған болатын.

"Рас-Лаффан индустриялық қаласы мен Месайид индустриялық қаласында орналасқан Qatar Energy компаниясының өндірістік нысандарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты компания сұйытылған табиғи газ және оған ілеспе өнімдер өндірісін тоқтатты. Qatar Energy барлық серіктестерімен өзара ынтымақтастығын жоғары бағалайды", – делінген компания таратқан мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу