Qazaq Air Астана-Талдықорған-Астана бағыты бойынша рейстерді тоқтатты

295

Жолаушыларға тегін қайта брондау және билеттерді қайтару ұсынылды.

Qazaq Air Астана-Талдықорған-Астана бағыты бойынша рейстерді тоқтатты Фото: Inbusiness.kz

27 желтоқсан күні Талдықорғандағы қолайсыз ауа-райына байланысты Астана–Талдықорған рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әуекомпанияның мәліметінше, 27 желтоқсан күні Талдықорғандағы қолайсыз ауа-райына байланысты IQ 429 Астана–Талдықорған және IQ 430 Талдықорған–Астана рейстері кешіктірілген. Содан кейін техникалық себептерге байланысты Qazaq Air әуе компаниясы аталған рейстерді тоқтатқаны айтылады.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес жатын орын, тегін қайта брондау және билеттерді қайтару ұсынылды", – деп хабарлайды әуе компаниясы.

Qazaq Air әуе компаниясы үшін жолаушылар қауіпсіздігі маңызды екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу