"QAZAQ OIL" Компаниясы ашық есік күнін өткізді

397

"QAZAQ OIL" компаниясының Атырау облысындағы филиалы ашық есік күнін өткізді. 

 "QAZAQ OIL" Компаниясы ашық есік күнін өткізді Фото: tengrinews.kz

Іс-шара 8-ші наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған. Мереке қарсаңында филиал қызметкерлерінің балалары, ата-аналарының жұмыс орнымен танысты. Жанармай құю бекетіндегі бір күндік процесті көзбен көрді. Бүлдіршіндерге ерекше сыйлық та тарту етілді.

Дана Әбілованың бұл жанармай құю бекетінде қызмет еткеніне небәрі 2 айдан асқан. "Qazaq Oil" компаниясында кассир болып еңбек ететін ол процесті лезде меңгеріп алыпты. Бүгін бір күндік жұмысын қызына да көрсетті. 

"1 аптаның ішінде бәрін реттеп, үйреніп алдым. Жұмыс барысын, есеп қисапты. Ойымнан шықты. Өзіме ұнайды. Жалпы атмосферасы ұнайды.Графигы ұнайды. Балаларға да уақыт табамыз. Сол себепті бұл жұмыс отбасымның да көңілінен шығады", дейді  Жанармай құю станциясының кассирі Дана Әбілова.

Ашық есік күніне келген балалар дән риза. Олар сұйық отын түрлері мен жанармай құю барысын үйренді. Сурет салып, түрлі сыйлықтарға кенелді. 

"Бүгін мен әкемнің жұмысына келдім.Онда мен машиналарға қалай бензин құятынын көрдім. Мен мұнда көп нәрсе үйрендім. Маған өте қызық болды", дейді Қала тұрғыны Айша Асылбекқызы.

Компания тұтынушыларына үлкен құрметпен қарайды. Тауар сапасын былай қойғанда, көрсетілетін қызметке де ерекше мән береді. Бұл жолғы мерекеде  көлік тізгіндеп жүрген әйелдер қауымын сыйлықпен қуантпақ. 

"Біздің жұмыстың спецификасы басқа жұмыс қой. 24\7 уақытта жұмыс істейді. Сондықтан балалар келіп бәрін көзбен көрді.Оларға бәрі қызық.Соны көрсін деген мақсатта. 8 наурызға орай әйелдер қауымына өзіміздің ұйымдастырған кішігірім сыйлықтарымыз бар", дейді "Petro Retail" компаниясы АО филиалының директоры Руслан Жакупов.

Айта кетейік, облыста "Qazaq Oil" компаниясының  35 бекеті бар. Ондағы қызметкерлердің 50 пайызы нәзік жандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу