"Qazaq Oil" компаниясы қарттар күніне орай қайырымдылық жасады

728

Мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.

"Qazaq Oil" компаниясы қарттар күніне орай қайырымдылық жасады Фото: «Qazaq Oil»

Бүгін Астанада қарттар күні мерекесіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж мың отбасыға азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Қайырымдылық шарасына Qazaq Oil компаниясы бастамашы болып отыр. Акцияға елорда әкімдігі де атсалысып, еріктелердің көмегімен қайырымдылық қорапшасын үлестірді. 
Бүгін Qazaq oil компаниясы атынан жолға шыққан азық-түлік қорабы жалғызбасты зейнеткер Татьяна Цхенің де үйіне жетті. Ол мерекеге орай келген сый мен үшін біраз көмек болды, деп қуанды. 

"Мен осы ауылдың ең үлкенімін. Жасым 82-де. Басымнан соғысты, да аштық жылдарын да өткіздім. Мынау мен үшін тосын сый болды. Үнемі хабарымды біліп, мерекеде көңіл бөліп тұратын әкімдік мамандарына, демеушілерге алғыстан басқа айтарым жоқ", – дейді зейнеткер Татьяна Цхе. 

Азық-түлік қорабында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті химия заттары бар. Әкімдік мамандары құны 30 мың теңге тұратын азық-түлік себетін қарттармен қатар көпбалалы отбасыларға да жөнелткен.

"Рахмет, күтпеген жағдай болды шынымды айсам, өзім таңғалдым. Жылда әкімдік, демеушілер келіп көмектесіп тұрады. Оның үстіне әкімдік қысқа қарай көмір де беретіндерін айтты, оған да рахмет!", – дейді көпбалалы әке Қазыбек Әлімжанов. 

Қайырымдық шарасына бастамашы болған Qazaq Oil компаниясы бұған дейін қалалық әкімдікпен өзара келісімге келген. Онда әлеуметтік салаға жауапты мамандар ай сайын көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтап отырады. Қораптарды таратуға елордалық еріктілер де тартылды.

"Qazaq oil компаниясымен біріге мыңнан аса себет таратып отырмыз. Азық-түлік себеттері аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар және мұқтаж жандарға таратылады. Ол қызметтердің барлығы әкімдік және қалалық волантерлер штабының қызметкерлерімен атқарылады", – дейді "Астана жастары" Ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.

Елордада 180 мыңға жуық әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы тұрады. Qazaq Oil компаниясы жыл соңына дейін 4 мың жанұяға азық-түлік себетін таратуды көздеп отыр. Осылайша, қайырымдылық акциясы маусым сайын әлеуметтік көмекке мұқтаж жүздеген отбасыға жылу сыйлауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу