"Qazaq Oil" мен "ҚазМұнайГаз" халыққа үндеу жасады

1905

Қазіргі уақытта "Qazaq Oil" және "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісі халықты, әлеуметтік қызметтерді, жедел медициналық көмек қызметтерін және өмір тіршілігін қамтамасыз ететін басқа нысандарын үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.  

"Qazaq Oil" мен "ҚазМұнайГаз" халыққа үндеу жасады

"Біз Қазақстан Республикасының қиын жағдайда қалған өңірлерінің өзінде де ЖМҚС жұмысын ішінара қалпына келтірдік және алдағы уақытта барлық дерлік желі жұмысын қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз.

Сіздің барлық сұрақтарыңыз бойынша 9911 немесе 8 771 046 4646 телефон нөмірі арқылы call center операторларына хабарласуыңызға болады.

Таяу уақытта еліміздегі жағдай тұрақтанады деп сенеміз. Сол уақытқа дейін өзіңіздің және туған-туыстарыңыздың қауіпсіздігін сақтауыңызды сұраймыз!" делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу