Qazaq Oil мұнай базасы мен автопарктерді жаңғыртуға 10 миллиард теңге жұмсамақ

649

Жоспардағы жаңғырту жұмыстары алдағы бес жылға созылады және қосымша инвестицияны талап етеді. Алдымен Атырау қаласындағы мұнай базаларына жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Qazaq Oil мұнай базасы мен автопарктерді жаңғыртуға 10 миллиард теңге жұмсамақ

Бүгінгі таңда Атырау өңірінде компанияға тиесілі 34 жанармай құю бекеті бар. Барлық жанармай құю станцияларына Қазақстандағы ең көне мұнай базасының бірі қызмет көрсетіп отыр. Жергілікті тұтынушылардың жанармай сапасына көңілі толады.

Өткен жылмен салыстырғанда Qazaq Oil жанармай құю станциялары желісінде мұнай өнімдерін сату 12%-ға өскен. Бүгінде бір ғана жанармай құю бекеті 17 мың литрге дейін жанармай сатады. Жанармай сататын бекеттегі кассир Разида Сибагатованың айтуынша, тәулігіне 10 тоннаға жуық жанғыш отын тез сатылып кетеді. Күн сайын жанармай импорттаймыз. Мысалы, 95 маркалы бензиннен – 5 тонна, 98 маркалы бензиннен 8-10 тоннаға дейін импортталады.

Үш жыл бұрын жанармай құю бекеттерінің желісін "ҚазМұнайГаздан" "PetroRetail" ЖШС сатып алғаны белгілі. Талай нәрсе тозған, сондықтан желіні жаңарту қомақты инвестицияны талап етеді. 2020 жылдың басынан бері компания Qazaq Oil 200 жаңа жанармай құю станциясын қайта шығарды. 2023 жылдың соңына дейін бекеттердегі жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.  

Qazaq Oil брендімен алғашқы жанармай құю бекеті Астанада 2020 жылдың қарашасында ашылды. Былтыр олардың саны 200-ге жетті. Семейде тамыз айында 200-ші жанармай құю бекеті іске қосылды.

Компания жанармайдың сапасына да мән береді. Жанар-жағармай құю бекеттерін жаңғыртумен қатар, мұнай базаларын, автотұрақ пен жанармай таситын көліктерді түрлендіру жоспарда бар. Бұдан өзге жоғары сапалы отынды сақтау, жеткізу де болашақтың еншісінде.

"Бүкіл мұнай өнімдері, жанармай құю станциясында сатылатын барлық нәрсе резервуар паркінен басталады. Біз мұнай базаларын жаңғыртудың бүкіл процесі мен жанармай таситын көліктерді сатып алуға 10 миллиард теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі алдағы бес жылдықта аяқталады", – дейді Qazaq Oil жанармай құю станциялары желісінің PR директоры Әсел Әлімханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу