"Qazaq Oil ЖҚС ұлттық желісінің ұжымы Қостанай облысындағы өрт жеке қасіретке, жеке бақытсыздыққа айналған жандарға шынайы қолдау мен жұбаныш сөздерін жеткізіп отыр. Біз сіздермен біргеміз. Сіз сияқты біз де алаңдаудамыз. Біздің эмоциямызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, біз де сіздер сияқты осы трагедия үшін жауапкершілік жүгін арқалап отырмыз, өйткені мұның бәрі Қазақстанда, өз жерімізде болып жатыр. Жаратқан әрбір қостанайлыққа сабыр мен шыдамдылық берсін", – деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай табиғат апатының салдарын жоюға моральдық қолдау көрсетумен қатар компания материалдық көмек ретінде 50 млн теңге бөлген.
Сондай-ақ өрт сөндіруге қатысатын арнайы техникалар мен барлық коммуналдық қызметтерге дизельдік отынды тегін бермек.
"Жақын арада барлығы қалыпқа келіп, отандастарымыз бұрынғы өміріне қайта оралатынына сенімдіміз. Біздің халқымызға бейбіт өмір, жақсылық пен бақ-береке тілейміз!", – делінген хабарламада.