Qazaq Oil жанармайы талаптарға сай ма?

522

Жанармай құю бекеттерінің елдегі ең ірі желісі Qazaq Oil -дың клиенттері бензин сапасын тексеруге қатыса алады. Бензин, не дизельдің талаптарға сай екеніне көз жеткізу үшін кез-келген  азамат зертханаға барып, лабораториялық сынақтарды бақылау мүмкіндігіне ие. 

Qazaq Oil жанармайы талаптарға сай ма?

"Сынаманы алып жатырмыз. Екі жерден аламыз. Диаметр кішкентай болғандықтан, екі жерден аламыз, үстінен 3 проба, астынан бір проба", дейді Аға зертханашы Саят Мүткәрім.

Арнайы ыдысқа құйылған бензиннің беті жабылып, мөр басылады. Ал қажетті құжаттарды толтырған соң сынама зертханаға жіберіледі.

"Qazaq Oil-дың Қазақстан бойынша 3 зертханасы бар. Үшеуі де мемлекеттік жүйеде аккредиттелген. 

Бензиннің мемлекеттік сатндарттарға сәйкестігі үш негізгі көрсеткіш бойынша анықталады. Алдымен жанармайдың тығыздығы өлшенеді. АИ-92 маркалы бензиннің тығыздығы текше метріне 725 кг-нан кем болмауы тиіс. Әрі қарай жанармайдың фракциялық құрамы және октан саны анықталады.

"92-ші бензиннің октан саны тығыздығы 737,6. Барлығы нормаға сай ғой?  Иә, нормаға сай!", деді Qazaq Oil зертханасының директоры Ғалия Медетбаева. 

Зертханалық сынақтың хаттамасы салтанатты түрде бақылаушы Амангелді Сүлейменовке табысталды. Ол Qazaq Oil бекеттеріндегі бензин барлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді, ал кейбір көрсеткіштер белгіленген нормадан да жоғары болып шықты. Компания тіпті тасымалдау кезінде жанармай сапасын жоғалтатынын да ескереді екен. Айтпақшы, күмәнданған кез-келген клиент, қалауы бойынша зертханаға келіп, тексеріске қатыса алады.  Өйткені, Qazaq Oil өкілдері жасыратын ештеңеміз жоқ дейді.

Саят Ермек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу