"Qazdatathon" байқауына өтініштер қабылдау басталды

646

Деректермен жұмыс істеуге бағытталған байқауға ЖОО магистратранттары мен докторанттары шақырылып отыр.  

"Qazdatathon" байқауына өтініштер қабылдау басталды

Ұлттық статистика бюросы мен Ұлттық Банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы "Qazdatathon" конкурсына өтініштер қабылдау басталғанын хабарлады, - деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймардановтың айтуынша, қатысушыларға жеке деректерді қамтымайтын синтетикалық деректерді пайдалану мүмкіндігі беріледі. Жас ғалымдар олардың негізінде жоба шешімдерінің нақты моделін жасай алады.

"Qazdatathon" байқауы data driven шешімдерін қабылдау үшін деректерді басқару және талдау мәдениетін құруда негіз болуы тиіс. Бұл әсіресе жас мамандар үшін маңызды. Конкурс қатысушылары болашақта өздеріне пайдалы болатын бірегей тәжірибе алады деп үміттенеміз", – дейді Ұлттық Банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығының төрағасы Бинұр Жаленов.

Байқауға қатысу үшін 2-5 адамнан тұратын команда құрып, datathon.kz сайтында қатысу формасын толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Жобаға статист, экономист, data scientist, математик және т.б. сияқты әртүрлі саладағы мамандар және бір университеттен бірнеше команда қатыса алады. Сондай-ақ, жобаға әр түрлі сала сарапшылары командалардың тәлімгерлер ретінде қатыса алады. Ол үшін Datathon.kz сайтында тәлімгерлерге арналған жеке өтініш формасын толтыру қажет.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігі беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу