Qazdatathon конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау аяқталды

531

Жоба сайтында 13 жоғары оқу орнының магистранттары мен докторанттары тіркелді. Қазақстанның 5 қаласынан барлығы 18 команда жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.  

Qazdatathon конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау аяқталды Фото: gov.kz

Сонымен қатар байқауға 10 ментор өтінім берді, олар іс-шараның соңына дейін командалардың тәлімгері ретінде бірге жұмыс істейді.

Деректермен жұмыс істеу бойынша құрылған командалар 1 желтоқсанға дейін өз жобаларын әзірлейді. Қатысушыларға кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі және транзакциялық қызметі бойынша деректер ұсынылған. Үздіктер 9 желтоқсанда өтетін байқаудың финалына жолдама алады.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері конкурсты ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігі беріледі.

Конкурс Ұлттық статистика бюросы және Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу