QazInnovations – инновациялық даму саласындағы ұлттық институт. Оның міндеттерінің бірі бизнес-инкубациялау және стартаптарды акселерациялау бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мақсаты - кәсіпкерлік мәдениет деңгейін арттыру, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және ШОБ саласында білікті кадрлар даярлау үшін бизнес-инкубаторларды қолдау.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 сәуірінде басталып, 10 мамыр күні аяқталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер электрондық портал арқылы қабылданатын болады https://portal.qazinn.kz.
Сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін барлық түсіндіру жұмыстары ZOOM алаңында жүргізілетін болады.