QR-код арқылы есеп айрысуға болады

1042

QR-код арқылы есеп айрысуға болады

Жақын арада QR-код арқылы есеп айрысуға болады. Бұл үшін елімізде mVisa жүйесі енгізілмек. Виза компаниясының орталық Азиядағы бас менеджері Ғалым Табылдиевтің айтуынша бұл жүйе ПОС терминалдардың орынын басып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік бермек. QR-код арқылы есеп айрысу үшін картаңыздың қолыңызда болуы шарт емес. Тек есеп номерін жатқа білсеңіз болғаны. Жүйе жыл соңына дейін қолдануға енбек. Оған қосылуға бес бірдей екінші деңгейлі банк келісімін беріп отыр.

Ғалым Табылдиев, VISA компаниясының Орталық Азиядағы бас менеджері: "Біз қазір осы жүйені енгізу үшін қазақстандық банктермен келісімдер жүргізіп жатырмыз. Менің ойымжа бұл тек Астана мен Алматы қалаларында ғана емес Қазақстанның өзге қалаларында да сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Бұл карталық төлем қабылдамайтын жерлерде есеп айырысуға өте қолайлы болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу