QR-код сканерлемегендер қоғамдық көлікпен жүре алмайды

920

Атыраудың автобустарына Ashyq жүйесі енгізілді. Бұдан былай қоғамдық көлікке QR-код сканерлеп кірген жолаушылар ғана діттеген жеріне жетеді. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

QR-код сканерлемегендер қоғамдық көлікпен жүре алмайды

"Қызыл" немесе "Сары" мәртебесі анықталған азаматтар автобусқа отырғызылмайды. Карантин тәртібін бұзып, науқаспен байланыста болғанын біле тұра қоғамдық көлікпен қала шарламақ болған тұлға анықталса, тиісті шара қолданылады. Қазір Атырауда эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Біз "Қою қызыл" белдеудегі 4 қаланың қатарында тұрмыз. Аптаның басынан бастап, карантиннің барлық талабы күшейтілді", – деді баспасөз хатшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу