Qurt лақап атымен танымал рэпердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

406

Алматыда ер адамның жарақат алуына байланысты Qurt лақап атымен танымал рэпер Дамир Қойшыбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Qurt лақап атымен танымал рэпердің үстінен қылмыстық іс қозғалды Фото: go.zvuk.com

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, оқиға 30-нан 31 тамызға қараған түні болған. Сол күні шешендік өнер курсының сабағынан кейін бір топ студент оқытушыларымен бірге барға барған. Олардың арасында рэпер де таныстарымен бірге болған.

Кеш барысында қонақтардың арасында жанжал туып, кейін ол сыртта төбелеске ұласқан. Соның салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Полиция жанжалға қатысқандардың барлығын анықтаған.

"Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция бөлімінің басшылығының бақылауында", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу