Радаға ресейлік музыканы шектеу туралы заң жобасы енгізілді

741

Бұл бастаманы ұсынған – "Слуга народу" партиясының депутаттары.

Радаға ресейлік музыканы шектеу туралы заң жобасы енгізілді

Украинаның Жоғарғы радасына Ресей музыкасын шектеу туралы заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Парламент сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, құжат Украинаның кейбір заңдарына өзгеріс енгізуді қарастырады. Яғни бұл заң жобасы ұлттық музыкалық өнімді қолдау және Ресейде шығарылған музыкалық өнімді көпшілік алдында пайдалануға тыйым салуға бағытталған. 

Заң жобасы Парламент басшылығының қарауына жіберілді. Бірақ оның мәтіні әзірге жарияланбады. Бұл бастаманы ұсынған – "Слуга народу" партиясының депутаттары.

6 сәуірде Жоғарғы Радада Украина қалаларындағы нысандарға Ресейге, оның тарихы мен қайраткерлеріне байланысты атаулар беруге тыйым салу туралы заң жобасы тіркелген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу