Рахман қайнарының жолы 2 айға жабылады

162

Шығыс туризмінің төріне айналған Рахман қайнарына апаратын жол жөнделіп жатыр.  

Рахман қайнарының жолы 2 айға жабылады Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

20 тамыз бен 30 қазан аралығында аталмыш жол учаскесі толық жабық болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазір тау жолын қазу, тегістеу, кеңейту сияқты күрделі жөндеу жұмыстар жүріп жатыр. Сондықтан Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катонқарағай–Рахман қайнары жолының 437-ші шақырымнан 450-ші шақырымға дейінгі бөлігі жабылды. Бұрын-соңды асфальт түспеген 13 шақырым тау жолына қазір қиыршық тас төселіп жатыр, – деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Жөндеу жұмыстарына "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы жауапты.

Қазір су өткізгіш құбырлар мен дренаж жүйесін орнату, сондай-ақ жолды түзеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыдан кейін мамандар 437-444 км аралығандағы жол бөлігін жөндеуге кіріседі. Қауіпсіздік үшін жол жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу