Райымбек Баталов "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасының м.а міндетін атқарушы болады

1210

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушы лауазымына "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа мүшесі таңдалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап. 

Райымбек Баталов "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасының м.а міндетін атқарушы болады

Төралқаның міндетін атқарушы болып Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов тағайындалады.

"Атамекен" ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Күн тәртібінде ұлттық палатаның басқару органдары туралы, ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы, кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы, басқа да мәселелер қаралады.

Қаңтарда "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу