Рақым Ошақбаев: Ұлттық банк теңге бағамын реттеу саясатына қайта оруалуы керек

1684

Рақым Ошақбаев: Ұлттық банк теңге бағамын реттеу саясатына қайта оруалуы керек

Қазақстан теңге бағамын реттеу саясатына қайта оруалуы керек. Мұндай мәлімдемені "Талап" қолданбалы зерттеу орталығының басшысы Ошақбаев Рахым жасады.

Орталық 5 ай көлемінде инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды зерттеген. Нәтижесінде ескі баға саясаты барысында елдегі экономикалық өрлеу мен іскерлік белсенділік айтарлықтай жоғары болғанын көрсеткен. Сондай-ақ, 2015 жылға дейін валюта айырбасының инфляцияға әсері тіркелмеген. Дегенмен бүгінгі күні еркін айналымға жіберілген теңге бағамы инфляцияға тікелей әсер етуде. Сондықтан мамандар бірінші кезекте валюта құбылмалығын шектеу қажет дейді. Енді ескі жүйеге оралу туралы ұсыныс жақын арада Ұлттық банке жіберілмек.

Рахым Ошақбаев, "Талап" қолданбалы зерттеу орталығының басшысы: "Инфляцияны трагеттеу саясаты- Қазақстан экономикасына сәйкес келмейді. Бұл саясат дамыған елдерде ғана тиімді жұмыс істейді. Ал бізде валюталық табыстың 50 пайызға жуығы мұнай экспортынан түседі. Мұнай бағасы құбылмалы екені бәрімізге мәлім. Сәйкесінше экспорттық табыс деңгейі де тұрақсыз. Мәселен 3 жылда елдегі тиімді сауда балансы 4 есеге төмендеген. Мұндай тұрақсыздық теңгенің құбылуына әсер етпей қоймайды"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу