Игі іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұрындық болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жұмысы барлық аймақтарда жүргізіледі. Сауапты шараға өңірлердің мешіт имамдары мен "Зекет және қайырымдылық" қорының қызметкерлері себепкер болып отыр.

"Біз осы қайырымдылық шарамызды жыл бойы жалғастыратын боламыз. Осы Рамазан, мейірімді айда Алла қаласа басау алып, жылдың аяғына дейін жалғастырамыз. Жалпы Қазақстан бойынша имамдарымыз бар, олар жергілікті әкісмдіктермен бірігіп, мұқтаж жандардың тізімін алып, соны бекітіп ары қарай үйлестіреді", – деп мәлімдеді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
