Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына ресми түрде қатысады

377

Сайлау 20 қыркүйекте өтеді.  

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына ресми түрде қатысады Фото: ria.ru

Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров республика басшысы сайлауына кандидат ретінде ресми тіркелді. Бұл туралы өңірлік сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап. 

Сайлау комиссиясының мәліметінше, Қадыровтың кандидатурасын "Единая Россия" партиясының Шешенстандағы өңірлік бөлімшесі ұсынған. Бұған дейін ол қыркүйек айында өтетін сайлауға қатысу үшін қажетті құжаттарын тапсырған болатын.

Рамзан Қадыров 2007 жылғы 5 сәуірде Шешенстан президенті қызметіне ресми кірісті. 2010 жылдың қыркүйегінен бері Шешенстан Республикасының басшысы қызметін атқарып келеді. 

2021 жылы өткен сайлауда Ресей Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қадыров сайлаушылардың 99,7 пайыз дауысын жинаған. Келесі сайлау 2026 жылғы 20 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күні өтеді. Бұл сайлауда Рамзан Қадыровты "Единая Россия" партиясы тағы да кандидат ретінде ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу