Сондай-ақ, ол бұған дейін атқарып келген Дене шынықтыру және спорт министрі қызметін сақтап қалмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тағайындау республика үкіметінің төрағасы Магомед Даудовтың ұсынысы бойынша жүзеге асқан. Сонымен қатар, Шешенстан үкіметі төрағасының міндетін атқарушы орынбасары қызметіне ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев та тағайындалды. Тағайындау туралы жаңалықты Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде жазды.
Ахмат Қадыров 2005 жылы дүниеге келген. Ол 17 жасынан бері әкесі Рамзан Қадыровтың кеңесшісі қызметін атқарып келеді.
2023 жылдың қарашасында ол спорт, дене шынықтыру және жастар саясаты министрлігінің бірінші орынбасары, 2024 жылдың 17 ақпанында Шешенстан Республикасының Жастар ісі министрі болып тағайындалды.
Ал, сол жылдың мамырында Дене шынықтыру және спорт министрі атанды.
Сондай-ақ, ол "Ахмат" футбол клубының президенті болып сайланды.