Рамзан Қадыров Түркияда демалып жүргенінде оқыс жағдайға тап болды

137

Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Рамзан Қадыров Түркияда демалып жүргенінде оқыс жағдайға тап болды Фото: © Sputnik / Алексей Никольский

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркиядағы Бодрум қаласында демалу кезінде суға батып кете жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға Бодрумның Қайнар ауданындағы бес жұлдызды қонақүй жағалауында болған. Куәгерлердің айтуынша, Қадыров шомылып жүрген кезінде кенеттен қиналып, суға бата бастаған.

Оған дереу алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Кейін ол жеке ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынды.

Дереккөздер Қадыровтың жағдайын "тұрақты" деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу