Күзембаев Рашид Талапұлы "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Кузембаев Рашид Талапұлының жұмыстан өз еркімен босатылуы туралы өтініші қаралды. Өтініші қабылданғаннан кейін, ұлттық компания директорлар кеңесінің мүшелері Рашид Кузембаевқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алда жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.
Күзембаев Рашид Талапұлы 2017 жылдың қазан айында "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу