Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы елшісі лауазымына тағайындалды

697

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Расул Жұмалыны Қазақстанның Ливандағы елшісі етіп тағайындады. Тиісті қаулы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы елшісі лауазымына тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды"

                                                                                                                  Ақорда

Саясаттанушы, дипломат, қоғам және мемлекет қайраткері Расул Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматыда дүниеге келген.

1992-1994 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка елдері бөлімінде атташе, референт болып жұмыс істеді.

1995 жылы – Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1996-1998 жылдары – Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде 3-ші, 2-ші хатшы лауазымдарында жұмыс істеді.

1999 жылы – еліміздің Сыртқы істер қызметінің елшісі – Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы.

2000-2002 жылдары – Үкіметтің баспасөз хатшысы болды.

2002 жылы – Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде саяси топтың жетекшісі болды.

2003 жылы – Қазақстанның Израильдегі Елшісінің кеңесшісі.

2004-2005 жылдары – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бас консулы болды.

2006-2007 жылдары – Қазақстанның Ливиядағы Елшісі болды.

2007-2008 жылдары – Еуразиялық банкирлер клубының атқарушы директоры.

"Эксклюзив" аналитикалық журналы мен қазақ тіліндегі "Япырай" танымдық журналының редакторы қызметін де атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу