Раушан Мешітханова Катардағы турнирде күміс медаль олжалады

1043

Катарда ауыр атлетикадан лицензиялық турнир мәресіне жетті. 

Раушан Мешітханова Катардағы турнирде күміс медаль олжалады

Соңғы жарыс күнінде зілтемір сахнасына шыққан Раушан Мешітханова күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол өз салмағынан әлдеқайда жоғары 87 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келі ғана кем көтергенін айту керек. 

Сондай-ақ, жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады.

Ал жарысқа қатысушылар тізімінде болған Илья Ильин бұл жолы да өз бағын сынаудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу