RBK-ға 244 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетіледі

835

RBK-ға 244 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетіледі

RBK банкіне Ұлттық банк тарапынан 244 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіледі.  Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.  

"Қаржы жүйесін оңалту" бағдарламасы аясында елімізде екінші деңгейлі 5 банкке көмек көрсетіледі.  Соның бірі – соңғы уақытта ахуалы нашарлаған RBK банкі. Ол үшін үкімет пен Ұлттық банк кешенді бағдарлама әзірлеп жатыр. Мұндай шараға алғаш рет акционерлер де қатыстырылады. Қаржы ұйымын қиын жағдайдан шығару оның шығындарын ірі акционерлердің өтеуі арқылы іске аспақ. Нақты айтқанда, Ұлттық банк тарапынан 244 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Ал қалған 4 қаржы институтының жағдайы жеке-жеке қарастырылады. 

"Қазіргі уақытта біз үкіметтен 60 млрд теңге көлемінде көмек алдық. Енді келер жылдың 18 қаңтарына дейін 100 млрд теңге көлеміндегі қаржылық көмек көрсетіледі деген үміттеміз",- дейді "Bank RBK" директорлар кеңесінің төрағасы Пол Торстен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу