Референдум-2025: тіркелген мекенжайдан тыс жерде қалай дауыс беруге болады

100

Орталық сайлау комиссиясы азаматтарға 2026 жылғы 15 наурызда тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын сайлаушылар үшін дауыс беру тәртібін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Референдум-2025: тіркелген мекенжайдан тыс жерде қалай дауыс беруге болады Фото: Алматы әкімдігі

Комиссияның хабарлауынша, 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін сайлаушылар өздерінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш пен жеке куәлігін ұсынып, тіркеуден шығару куәлігін (открепительное удостоверение) ала алады.

"Дауыс беру күні тұрған жеріңіздегі учаскеде тіркеуден шығару куәлігін көрсету қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс берушілер тізіміне енгізеді", – делінген түсіндірмеде.

Бұл құжатты сенімхат арқылы өкіл де ала алады, ол үшін нотариалдық куәландыру талап етілмейді. Комиссия өкілдері куәлік жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейтінін және оның көшірмесі берілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар бір елді мекеннің аумағындағы басқа учаскеде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарға тіркеуден шығару куәлігі берілмейді.

Еске сала кетейік, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу