15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Алматыда 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматыда дауыс беру мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру үшін бірыңғай Call-орталық жұмыс істейді.
1308 қысқа нөмірі арқылы:
• референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өзін тексеруге;
• дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын білуге;
• дауыс беру тәртібі бойынша кеңес алуға болады.
"Call-орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты:
• open-almaty.kz сайтынан;
• @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы алуға болады", – делінген әкімдік хабарламасында.