Референдум кезінде сауалнама жүргізуге құқылы ұйымдардың аты аталды

106

Бұған дейін Бас прокуратура референдумға қатысты 4 заң бұзушылық фактісі анықталғанын хабарлаған болатын.

Референдум кезінде сауалнама жүргізуге құқылы ұйымдардың аты аталды Фото: freepik.com

Орталық референдум комиссиясы алдағы республикалық референдум кезінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

20 ақпандағы жағдай бойынша Орталық референдум комиссиясына 6 ұйымнан қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түскен. Аталған заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса жіберген. Атап айтқанда:

1. "Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі – сауал салу әдісі: "face to face" сұхбаты;

2. "Қоғамдық пікір" зерттеу институты" ЖШС – сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал салу;

3. "DATAMETRICS" ЖШС – сауал салу әдісі: CAPI технологиясын қолдана отырып, "face to face" жеке сұхбат әдісімен;

4. "AMANAT" партиясының Қоғамдық саясат институты" жеке меншік мекемесі – сауал салу әдісі: сайлау учаскелерінен шығу кезінде "face to face" сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет арқылы сауал салу және exit-poll жүргізу арқылы жаппай сауал салу әдістері қолданылатын болады;

5. "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС – сауал салу әдісі: референдумда дауыс беру күні сайлау учаскелерінің шыға берісте қоғамдық пікір сауал салу exit-poll, сондай-ақ социологиялық зерттеулердің басқа түрлері де қолданылады (фокус-топтық пікірталас, сараптамалық сауал салу, "бетпе-бет" арқылы жаппай сауал салу);

6. "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес АҚ – сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал салуды жүргізу арқылы халыққа жаппай сауал салуды жүргізу.

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген нормаларға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.

Айта кету керек, бұған дейін Бас прокуратура референдум кезінде сауалнама жүргізу талаптарын түсіндіргенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу